Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
30
сәуір
2026
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ 1 «Ә» сынып оқушылары «Шын жүректен кітап сыйла» челленджіне белсене қатысып, ерекше белсенділік танытты.  Шара барысында оқушылар бір-біріне кітап сыйлап, сынып ішінде өзара кітап алмасу ұйымдастырды. Бұл игі іс балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, достық қарым-қатынасты нығайта түсті. Кітап – рухани байлықтың көзі екенін түсінген жас оқырмандар осындай пайдалы бастамаларға әрдайым дайын! Сынып жетекшісі: Қ.Ж. Иманбекова
Жалпы жаттығу өткізілді
30
сәуір
2026
Жалпы жаттығу өткізілді
Бүгін мектебімізде Алматы қаласы Білім басқармасы және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастыруымен «Чемпиондық рух» жобасы аясында жалпы жаттығу өткізілді. Аталған шараға 200-ге жуық оқушы қатысып, белсенділік танытты. Жаттығудың негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту. Осындай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады!
«Менің сүйікті журналым»
29
сәуір
2026
«Менің сүйікті журналым»
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі қарқынды өтуде. Онкүндік тұжырымдамасы аясында 2-сынып бүлдіршіндері бүгін «Менің сүйікті журналым» әлеміне саяхат жасады.  Оқушылар тек журнал оқып қана қоймай: Балалар басылымдарының тәрбиелік мәнін талқылады; Танымдық айдарлар арқылы ой-өрістерін кеңейтті; Оқуға деген құштарлықтарын көрсетті. Кітап пен журнал — баланың қиялын ұштайтын ең сенімді достар. Біздің мектепте әр баланың кітапқа деген махаббатын ояту маңызды міндет!
СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
21
сәуір
2026
СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
СЕЙСМОЖАТТЫҒУ 2026 жылдың 21 сәуір мектебімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға дайындықты арттыру мақсатында сейсможаттығу өткізілді. Жаттығу барысында оқушылар мен мұғалімдерге жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндіріліп, эвакуациялау тәртібі практикалық түрде көрсетілді. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жаттығуға қатысты.
ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
15
сәуір
2026
ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
№93 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасына экскурсияға барып қайтты. Оқушылар құтқарушылардың жауапты қызметімен танысып, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы маңызды мәліметтер алды. Экскурсия барысында арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көріп, мамандардың жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік болды. Бұл сапар оқушылар үшін өте қызықты әрі танымдық болды. Экскурсия барысында Бостандық ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғаныс аға
БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
14
сәуір
2026
БІЛІМ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
2026 жылдың 8 сәуір күні барлық білім беру ұйымдарында «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді. Осыған орай №93 жалпы білім беретін мектептің 11 «Ә» сынып оқушыларымен мазмұнды сынып сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің басты құжаты – Конституцияда көрсетілген білім беру саласындағы басым бағыттармен танысып, білімнің қоғамдағы рөлі мен маңызы туралы ой