Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Балауса» жазғы лагеріндегі жарқын таң
05
маусым
2026
«Балауса» жазғы лагеріндегі жарқын таң
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінде күн дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды. Оқушылар Отанға деген құрметін білдіріп, әнұранды ерекше ықыласпен орындады. Одан кейін лагерь қатысушылары көтеріңкі көңіл күймен таңғы жаттығу жасап, сергектік пен жақсы көңіл күйге ие болды. Таңғы жаттығу балалардың денсаулығын нығайтып, белсенді күн өткізуіне оң әсерін тигізді.
ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
04
маусым
2026
ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен маңызы туралы мәлімет алып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін ұғынды. Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, ел бірлігі мен ұлттық мақтанышымыздың нышаны. Жас ұрпақтың бойында патриоттық
«БАЛАУСА» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ
03
маусым
2026
«БАЛАУСА» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінің 3-күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Оқушылар Отанға деген құрмет пен патриоттық сезімдерін білдіріп, Әнұранды бірге орындады. Одан кейін балалар көтеріңкі көңіл күймен таңғы жаттығуға қатысып, сергіту жаттығуларын орындады. Таза ауада өткен таңғы жаттығу балаларға сергектік сыйлап, денсаулықтарын нығайтуға және белсенді күн өткізуге жақсы мүмкіндік болды.
«Балауса» жазғы лагерінде кітап оқу сағаты өтті
02
маусым
2026
«Балауса» жазғы лагерінде кітап оқу сағаты өтті
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында кітап оқу сағаты өткізілді. Шара барысында балалар өздерінің сүйікті кітаптарын оқып, қызықты кейіпкерлер мен шығармалар туралы ой бөлісті. Кітап оқу арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері артып, сөздік қоры молайып, әдебиетке деген қызығушылығы нығая түсті.
«БАЛАУСА» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ
01
маусым
2026
«БАЛАУСА» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінің 2-күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Оқушылар Отанға деген құрмет пен патриоттық сезімдерін білдіріп, Әнұранды бірге орындады. Одан кейін балалар көтеріңкі көңіл күймен таңғы жаттығуға қатысып, сергіту жаттығуларын орындады. Таза ауада өткен таңғы жаттығу балаларға сергектік сыйлап, денсаулықтарын нығайтуға және белсенді күн өткізуге жақсы мүмкіндік болды.  
«Balafest – 2026» балалар фестивалі
01
маусым
2026
«Balafest – 2026» балалар фестивалі
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Balafest – 2026» балалар фестиваліне мектебіміздің 6-сынып оқушылары қатысты. Фестиваль барысында оқушылар түрлі танымдық, шығармашылық және ойын-сауық алаңдарына қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған мерекелік шара ерекше атмосферада өтті. Балаларға шаттық сыйлаған мерекелік фестивальден оқушыларымыз жақсы әсер алып,