МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
№93 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Нурланова Алуа Алмасовна республикалық «Дана Абай оқулары» байқауына қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, өзінің үздік нәтижесінің арқасында Астана қаласында өтетін дарынды оқушылар форумына жолдама алды. Бұл — білім мен еңбектің, табандылық пен талпыныстың жарқын нәтижесі! Оқушымыздың жетістігі — мектебіміздің үлкен мақтанышы Алуаға алдағы белестерде тек сәттілік тілейміз! Жетекшісі: А.К. Алияскарова