01
маусым
2026
«Балауса» жазғы лагерінің ашылуы
«Балауса» жазғы лагерінің ашылуы
2026 жылдың 1 маусым күні №93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті.
Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында ашылған лагерьдің алғашқы күні көтеріңкі көңіл-күйге, шаттық пен қуанышқа толы болды. Оқушылар түрлі ойындарға қатысып, достарымен қауышып, жазғы демалыстың жарқын сәттерін бірге қарсы алды.
«Балауса» лагері – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа достар тауып, қызықты демалыс өткізетін ерекше орта.
Барша бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй, ұмытылмас әсерлер мен жарқын жаз тілейміз!