Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2026

«БАЛАУСА» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ

«БАЛАУСА» ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІ
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінің 2-күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды.
Оқушылар Отанға деген құрмет пен патриоттық сезімдерін білдіріп, Әнұранды бірге орындады. Одан кейін балалар көтеріңкі көңіл күймен таңғы жаттығуға қатысып, сергіту жаттығуларын орындады.
Таза ауада өткен таңғы жаттығу балаларға сергектік сыйлап, денсаулықтарын нығайтуға және белсенді күн өткізуге жақсы мүмкіндік болды.