Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
НАУРЫЗНАМА: 20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР КҮНІ
20
наурыз
2026
НАУРЫЗНАМА: 20 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР КҮНІ
№93 жалпы білім беретін мектебінде Ұлттық ойындар күніне орай оқушылар арасында ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар асық ату, арқан тарту, тоғызқұмалақ сынды халқымыздың дәстүрлі ойындарын ойнап, ептілік пен шапшаңдықтарын көрсетті. Ұлттық ойындар арқылы оқушылар ата-баба мұрасын дәріптеп, бірлік пен достықтың маңызын түсінді. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Жауапты: дене
ҰЛТТЫҚ КИІМ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ
19
наурыз
2026
ҰЛТТЫҚ КИІМ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ
Наурыз мерекесі қарсаңында №93 жалпы білім беретін мектебінде ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында оқушылар мен мұғалімдерге ұлттық киімдер алынып, мектепішілік ұлттық киімдер шеруі өтті. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар қазақтың әсем ұлттық киімдерін киіп, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұлттық нақыштағы киімдер арқылы халқымыздың бай мұрасы мен дәстүрі кеңінен дәріптелді. Аталған іс-шара қатысушылардың ұлттық сана-сезімін арттырып, төл мәдениетімізге деген құрметін нығайта түсті.
ҰЛТТЫҚ БИ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ КӨРІНІСІ
19
наурыз
2026
ҰЛТТЫҚ БИ – ҰЛТ РУХЫНЫҢ КӨРІНІСІ
Наурыз мерекесі қарсаңында №93 жалпы білім беретін мектебінде ұстаздар мен оқушылардың қатысуымен ұлттық би ұйымдастырылды. Шара барысында ұстаздар мен білім алушылар қазақтың әсем ұлттық билерін билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Би арқылы халқымыздың бай мәдениеті мен дәстүрі дәріптеліп, ұлттық өнерге деген қызығушылық артты.
ҰЛТТЫҚ КИІМ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ
19
наурыз
2026
ҰЛТТЫҚ КИІМ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ
Наурыз мерекесі қарсаңында №93 жалпы білім беретін мектебінде ұлттық мәдениетті насихаттау мақсатында оқушылар мен мұғалімдерге ұлттық киімдер алынып, мектепішілік ұлттық киімдер шеруі өтті. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар қазақтың әсем ұлттық киімдерін киіп, көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Ұлттық нақыштағы киімдер арқылы халқымыздың бай мұрасы мен дәстүрі кеңінен дәріптелді. Аталған іс-шара қатысушылардың ұлттық сана-сезімін арттырып, төл мәдениетімізге деген құрметін нығайта түсті.
ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ МҰРАСЫ
19
наурыз
2026
ҰЛТТЫҚ КИІМ – ҰЛТ МҰРАСЫ
Наурыз мерекесі қарсаңында №93 жалпы білім беретін мектебінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында оқушыларға арналған ұлттық костюмдер алынып, ұлттық киімдер шеруі ұйымдастырылды. Шеру барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі киімдерін киіп, олардың ерекшелігі мен маңызын насихаттады. Әрбір ұлттық киім – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы екені айқын көрінді. Бұл іс-шара жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, салт-дәстүрге деген құрметін арттыруға үлкен үлес қосты.
НАУРЫЗНАМА: 19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ
19
наурыз
2026
НАУРЫЗНАМА: 19 НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ КҮНІ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 6 «А» сынып оқушылары Жаңару күніне орай табиғаттың жаңаруымен үндесіп, тазалық пен жаңашылдықты дәріптейтін шара ұйымдастырды. Оқушылар айналаны таза ұстаудың маңызын түсіндіріп, игі істерге шақырды. Жаңару күні – жаңа бастамалардың, тазалық пен сергектіктің символы. Бұл күн әр адамға жаңа серпін беріп, жақсы өзгерістерге жетелейді. Сынып жетекшісі: А.С. Елубай