Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
13
мамыр
2026
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Бердібек Орынбек жазушы Кәдірбек Сегізбаев шығармалары жайында мазмұнды талқылау өткізді. Кездесу барысында оқушылар жазушының шығармаларымен танысып, туындыларындағы тәрбиелік мән, адамгершілік қасиеттер мен өмірлік ұстанымдар туралы ой бөлісті. Шара жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниетанымын кеңейтуге бағытталды.
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
30
сәуір
2026
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ 1 «Ә» сынып оқушылары «Шын жүректен кітап сыйла» челленджіне белсене қатысып, ерекше белсенділік танытты.  Шара барысында оқушылар бір-біріне кітап сыйлап, сынып ішінде өзара кітап алмасу ұйымдастырды. Бұл игі іс балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, достық қарым-қатынасты нығайта түсті. Кітап – рухани байлықтың көзі екенін түсінген жас оқырмандар осындай пайдалы бастамаларға әрдайым дайын! Сынып жетекшісі: Қ.Ж. Иманбекова
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
23
сәуір
2025
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
Ұлт мақтанышы болған ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері - Құмаш Нұрғалиев 100 жаста. Осыған орай мектеп кітапханасында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға ұлтымыздың ардагер ұстазын таныстыру, патриоттық сезім ұялату.Қатысушылар: 3-сынып оқушыларыКітапханашы: Мәкіш Ж.А.
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
22
сәуір
2025
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ
2025 жылдың 22 сәуір күні С.Мұқановтың туғанына 125 жыл толуына орай И.А.Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасында өткен“Сәбит Мұқановтың шығармашылындағы қазақ ұлтының бейнесі” тақырыбындағы дөңгелек үстелге №93 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірталас ұйымдастырды.