Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2026

«Balafest – 2026» балалар фестивалі

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Balafest – 2026» балалар фестиваліне мектебіміздің 6-сынып оқушылары қатысты.
Фестиваль барысында оқушылар түрлі танымдық, шығармашылық және ойын-сауық алаңдарына қатысып, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған мерекелік шара ерекше атмосферада өтті.
Балаларға шаттық сыйлаған мерекелік фестивальден оқушыларымыз жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.
Балалық шақ бақытқа, қуанышқа және жарқын жетістіктерге толы болсын!