Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
БАСТАУЫШ СЫНЫППЕН ҚОШТАСУ
21
мамыр
2026
БАСТАУЫШ СЫНЫППЕН ҚОШТАСУ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 4 «А» сыныбында «Бастауышым – бастамам, білім жолын бастаған!» атты бастауыш сыныппен қоштасу кеші өтті. Мерекелік кеш барысында оқушылар бастауыш сыныпта алған білімдері мен қызықты сәттерін еске алып, ән айтып, би билеп, көріністер қойды. Сонымен қатар ұстаздарына алғыстарын білдіріп, ата-аналарына ыстық ықыластарын жеткізді. Бастауышпен қоштасқан түлектерге алдағы оқу жолында сәттілік, биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз! Әрқашан білімге құштар
БІЛІМІМ – ОТАНЫМА
20
мамыр
2026
БІЛІМІМ – ОТАНЫМА
Елімізде мамыр айының төртінші аптасында ұйымдастырылатын «Білімім – Отаныма!» республикалық сынып сағаттары аясында мектебімізде эссе жазу флешмобы өтті. Іс-шараның мақсаты – оқу жылын қорытындылау, жазғы демалыс уақытын тиімді жоспарлау, білім алушылардың өз іс-әрекетіне рефлексия жасап, сыни ойлау дағдыларын дамыту. Флешмоб барысында оқушылар өз білімдері мен жетістіктерін ел дамуына қосқан үлесі ретінде бағалап, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде болашаққа мақсаттары мен
СЫНЫП САҒАТЫ
18
мамыр
2026
СЫНЫП САҒАТЫ
СЫНЫП САҒАТЫ 2026 жылдың 18 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №93 жалпы білім беретін мектебінің 10 «А» сыныбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: М.Т. Тоқташбай
«САЛАМАТТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ
18
мамыр
2026
«САЛАМАТТЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік қызмет аясында №93 жалпы білім беретін мектептің 1-4 сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану – үздік білімге жол» атты семинар жүргізілді. Іс-шараның мақсаты: білім алушыларды салауатты өмір сүру қағидаларымен таныстыру. Шара барысында дұрыс тамақтану, тамақтанудың денсаулыққа, білім сапасын жақсартуға тигізетін ролі, созылмалы жұқпалы емес аурулардың
ОТБАСЫ КҮНІ
15
мамыр
2026
ОТБАСЫ КҮНІ
«Әкем, анам және мен!» атты отбасылық жарыс — бұл тек сайыс емес, бұл бірлік пен татулықтың, сыйластық пен қолдаудың мерекесі. Бүгінгі көңілді додада әр отбасы өздерінің ептілігін, ұйымшылдығын және белсенділігін көрсетті. Күлкіге толы сәттер, көтеріңкі көңіл-күй және жарқын эмоциялар бәрімізге ерекше әсер сыйлады. Отбасы — бақыттың бастауы!
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
13
мамыр
2026
ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП
Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Бердібек Орынбек жазушы Кәдірбек Сегізбаев шығармалары жайында мазмұнды талқылау өткізді. Кездесу барысында оқушылар жазушының шығармаларымен танысып, туындыларындағы тәрбиелік мән, адамгершілік қасиеттер мен өмірлік ұстанымдар туралы ой бөлісті. Шара жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниетанымын кеңейтуге бағытталды.