Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
SAMAL WATER ЗАУЫТЫНДА
31
наурыз
2026
SAMAL WATER ЗАУЫТЫНДА
№93 мектептің 1 «А» сынып оқушылары күнделікті ішіп жүрген таза судың қалай дайындалатынын өз көзімен көру үшін Samal Water зауытына экскурсияға барды.  Не білдік? •          Судың неше кезеңнен тұратын тазарту сүзгілерінен өтетінін; •          Технологияның заманауи мүмкіндіктерін; •          Таза судың денсаулыққа пайдасын. Оқушылар өндіріс процесіне қанығып, мамандардан маңызды ақпараттар алды. Білім тек мектеп қабырғасында емес, осындай танымдық сапарларда да шыңдалады!
СЫНЫП САҒАТЫ
30
наурыз
2026
СЫНЫП САҒАТЫ
2026 жылдың 30 наурыз күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №93 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сыныбында сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: А.Х. Сыдыкова
СЫНЫП САҒАТЫ
30
наурыз
2026
СЫНЫП САҒАТЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде 11-сынып оқушыларына арналған «Ата заң – мемлекет тірегі» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен таныстыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар Ата заңның маңызы, оның қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
27
наурыз
2026
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ
Болашаққа нық қадам: Бүгін №93 мектебіміздің 9-сынып оқушылары үшін ерекше күн болды! «Атакент» КЦДС базасында өтіп жатқан «WorldSkills Almaty – 2026» қалалық чемпионаты аясындағы «Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесіне барып қайттық. Шара барысында оқушыларымыз бен ата-аналарымыз түрлі колледждердің тыныс-тіршілігімен танысып, мамандық таңдауда құнды кеңестер алды. Тәжірибе: Колледж студенттерінің шеберлік сағаттарын көріп, болашақ мамандықтардың қыр-сырын өз көзімізбен көрдік. Қолдау:
23 наурыз – Тазару күні
23
наурыз
2026
23 наурыз – Тазару күні
Наурызнама аясында 23 наурыз – Тазару күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн – тазалық пен жаңарудың, жаңа бастамалардың белгісі. №93 жалпы білім беретін мектебінде Тазару күніне орай 10 «А» сынып оқушылары мектеп кабинеттерінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Оқушылар сынып бөлмелерін ретке келтіріп, тазалықтың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті. Мұндай игі істер жас ұрпақты ұқыптылыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаны аялауға тәрбиелейді. Жаңару мен тазалық әрдайым серігіміз болсын!  Сынып
ЖАС ҰСТАЗДАРДАН ҰЛТТЫҚ БИ ТРЕНДІ
23
наурыз
2026
ЖАС ҰСТАЗДАРДАН ҰЛТТЫҚ БИ ТРЕНДІ
Наурыз мерекесі қарсаңында №93 жалпы білім беретін мектебінің жас ұстаздары ұлттық би ұсынады. Ұстаздар қазақтың ұлттық биін заманауи үлгіде орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл бастама ұлттық өнерді жаңаша дәріптеуге және жастар арасында кеңінен насихаттауға бағытталды. Жас ұстаздардың белсенділігі мен шығармашылығы көпшілікке үлгі болып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыра түсті.