Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА
16
ақпан
2026
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА
№93 жалпы білім беретін мектебінде мектеп мұғалімдерімен алдағы референдумға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – референдумның маңызын кеңінен түсіндіру, заңнамалық негіздері мен өткізілу тәртібі туралы ақпарат беру. Кездесу барысында референдум ұғымы, оның қоғам өміріндегі рөлі, дауыс беру тәртібі мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты айтылды. Мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА
16
ақпан
2026
ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектеп ғимаратында арнайы «Қауіпсіздік бұрышы» ұйымдастырылған. Бұл бұрышта барлық төтенше қызметтердің байланыс нөмірлері көрнекі әрі қолжетімді түрде орналастырылған. Мұндай ақпараттар оқушылардың кез келген жағдайда дұрыс әрекет етуіне және өз қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Қауіпсіздік — әрдайым басты назарда!
ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС
13
ақпан
2026
ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС
«Өнер мен спорт – жан мен тән сұлулығының кепілі» атты спорттық-эстетикалық пәндер бірлестігінің апталығы аясында мұғалімдер арасында эстафеталық жарыс өтті. Жарыс барысында ұстаздарымыз ұйымшылдық пен шапшаңдықтың, белсенділік пен көтеріңкі көңіл күйдің үлгісін көрсетті. Спорт – тек денсаулық кепілі ғана емес, ұжымдық бірлікті нығайтатын күш екені тағы бір мәрте дәлелденді. Жауапты мұғалімдер: дене шынықтыру пәні мұғалімдері
АУДАНДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
13
ақпан
2026
АУДАНДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
№93 жалпы білім беретін мектебінде тоғызқұмалақтан «Ұлттық мектеп лигасы» жарысының аудандық кезеңі өтті. Жарыстың мақсаты – оқушылар арасында ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақты насихаттау, зияткерлік ойлау қабілетін дамыту, логикалық есептеу дағдыларын жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сайысқа аудан мектептерінің оқушылары қатысып, өзара тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар шапшаңдық, тапқырлық және стратегиялық ойлау қабілеттерін танытып, жоғары деңгейдегі
ВОЛЕЙБОЛ
13
ақпан
2026
ВОЛЕЙБОЛ
2026 жылдың 13 ақпан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде «Волейбол: ұстаз бен шәкірт бір командада» атты волейбол турнирі өтті. Аталған спорттық шараның басты мақсаты – ұстаздар мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және мектеп ұжымында достық қарым-қатынасты қалыптастыру болды. Турнир барысында командалар өзара тартысты ойын көрсетіп, ұйымшылдық пен шапшаңдықтарын, командалық рухтарын паш етті. Ұстаз бен шәкірттің бір алаңда өнер көрсетуі жарысқа
ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА
13
ақпан
2026
ҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ НАЗАРДА
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мектеп ғимаратында арнайы «Қауіпсіздік бұрышы» ұйымдастырылған. Бұл бұрышта барлық төтенше қызметтердің байланыс нөмірлері көрнекі әрі қолжетімді түрде орналастырылған. Мұндай ақпараттар оқушылардың кез келген жағдайда дұрыс әрекет етуіне және өз қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Қауіпсіздік — әрдайым басты назарда!