ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінде 8-сынып оқушылары арасында «Экологиялық калейдоскоп» атты эко желбірету челленджі өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыру, мектеп аумағында тазалық сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, қоқыс тастамау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау сияқты қарапайым, бірақ маңызды экологиялық дағдыларды насихаттау болды. Шара оқушылардың белсенді қатысуымен өтіп,