ҚАУІПСІЗДІК
№93 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушылары «Терроризм қаупі кезінде не істеу керек?» тақырыбында бейнеролик тамашалады. Шараның мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндіру, сақтық шараларын үйрету және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Бейнеролик барысында терроризм қаупі туындаған жағдайда сабыр сақтап, күмәнді заттарға жоламау, бейтаныс адамдардың күдікті әрекеттері туралы ересектерге немесе тиісті органдарға хабарлау керектігі айтылды.