ОБЪЕКТІЛІК СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
Жоспарға сәйкес мектебімізде объектілік сейсможаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – білім алушылар мен қызметкерлердің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. Жаттығу барысында эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылып, барлық қатысушылар қауіпсіз аймаққа уақытылы шығарылды. Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңінде оқушылар шартты түрде аяқ жарақатын таңу және зардап шегушіге көмек көрсету тәсілдерін көрсетті.