КЕЗДЕСУ
2026 жылдың 2 ақпан күні Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтің Алматы қаласы жас сайлаушылар клубтарының мүшелерімен тағылымды кездесуі өтті. Кездесу барысында елдегі сайлау жүйесінің маңызы, жастардың азаматтық белсенділігі, құқықтық сауаттылықты арттыру және саналы таңдау жасау мәселелері кеңінен қозғалды. Сондай-ақ, Нұрлан Мәжитұлы жас буынды қоғам өміріне белсенді араласуға, өз пікірін ашық білдіруге