13
ақпан
2026
АУДАНДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
АУДАНДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
№93 жалпы білім беретін мектебінде тоғызқұмалақтан «Ұлттық мектеп лигасы» жарысының аудандық кезеңі өтті. Жарыстың мақсаты – оқушылар арасында ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақты насихаттау, зияткерлік ойлау қабілетін дамыту, логикалық есептеу дағдыларын жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Сайысқа аудан мектептерінің оқушылары қатысып, өзара тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар шапшаңдық, тапқырлық және стратегиялық ойлау қабілеттерін танытып, жоғары деңгейдегі дайындықтарын дәлелдеді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл шара оқушылардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылығын арттырып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Ұлттық спорт – ұлт мақтанышы!