Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
ақпан
2026

МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 11 «А» сынып оқушысы, «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер Ахметжанова Руана Ролановна «XXI ғасыр көшбасшысы» республикалық интеллектуалды жобасына қатысып, өз білімін жоғары деңгейде көрсетті.
Аталған жоба «Хабар агенттігі» ұйымдастыруымен өткізіліп, еліміздің дарынды жастарын анықтауға бағытталған беделді білім бәйгелерінің бірі болып табылады.
Руананың бұл жетістігі – табандылық пен үздіксіз еңбектің жемісі. Білім мен бәсекеге толы додада мектеп намысын абыроймен қорғап, зияткерлік әлеуетін дәлелдей білді.
Жас талапкерімізге алдағы уақытта да толағай табыстар, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!


Похожие публикации:

21 қаңтар 2026 SMART BALA