Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
сәуір
2026

ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ

ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
№93 жалпы білім беретін мектептің 6-сынып оқушылары Бостандық ауданы Төтенше жағдайлар басқармасына экскурсияға барып қайтты. Оқушылар құтқарушылардың жауапты қызметімен танысып, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы маңызды мәліметтер алды.
Экскурсия барысында арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көріп, мамандардың жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік болды. Бұл сапар оқушылар үшін өте қызықты әрі танымдық болды.
Экскурсия барысында Бостандық ауданы ТЖБ аға инженері, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Оразалиев Нұрсат Мұратұлы оқушыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, пайдалы ақпараттарымен бөлісті.
Осындай мазмұнды кездесу ұйымдастырып, жылы қабылдағаны үшін Нұрсат Мұратұлына алғысымызды білдіреміз!
Сынып жетекшілер: А.С. Елубай, Е.Ж. Қасен