Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
24
ақпан
2026
ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушылары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мұражай-үйіне барып, «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты танымдық экскурсияға қатысты. Экскурсия барысында оқушылар қазақ халқының біртуар перзенті, ағартушы, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алды. Мұражай қорындағы құнды жәдігерлермен, тарихи құжаттармен танысып, ұлт ұстазының ел болашағы үшін атқарған ерен еңбегіне тереңірек үңілді. Тағылымы мол
Спорттық-эстетикалық пәндер бірлестігі
20
ақпан
2026
Спорттық-эстетикалық пәндер бірлестігі
«Өнер мен спорт – жан мен тән сұлулығының кепілі» атты апталықтың ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және өнер мен спорт арқылы жан-жақты тұлға қалыптастыру. Жауапты мұғалімдер: дене шынықтыру, АӘжТД, көркем еңбек пәні мұғалімдері. Өнер мен спорт ұштасқан апталық баршаңызға көтеріңкі көңіл күй сыйласын!
Спорттық-эстетикалық пәндер бірлестігі
19
ақпан
2026
Спорттық-эстетикалық пәндер бірлестігі
«Өнер мен спорт – жан мен тән сұлулығының кепілі» атты апталық жабылуы өтті! Апталық бойы көрсеткен белсенділік пен өнерді бағалап, жеңімпаздарымыз марапатталды. Барлығы үшін керемет көңіл-күй мен сергітетін атмосфера орнады! Жауапты мұғалімдер: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
18
ақпан
2026
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы Дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен ХХІ «Зерде» 2-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңіне Туризм және спорт секциясы бойынша  І орын иегері №03 жалпы білім беретін мектептің  4-сынып оқушысы Турехан Адина марапатталды.  Жетекшісі: Донгабакова Алтын Кахармановна
СЫНЫП САҒАТЫ
18
ақпан
2026
СЫНЫП САҒАТЫ
2026 жылдың 16 ақпан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №93 жалпы білім беретін мектебінің 8-сыныптарда сынып сағаты өтті. Сынып жетекшісі: А.С. Абсемет, Ж.А. Ильяс
ҚАУІПСІЗДІК
18
ақпан
2026
ҚАУІПСІЗДІК
№93 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сынып оқушылары «Терроризм қаупі кезінде не істеу керек?» тақырыбында бейнеролик тамашалады. Шараның мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндіру, сақтық шараларын үйрету және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Бейнеролик барысында терроризм қаупі туындаған жағдайда сабыр сақтап, күмәнді заттарға жоламау, бейтаныс адамдардың күдікті әрекеттері туралы ересектерге немесе тиісті органдарға хабарлау керектігі айтылды.