ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ
№93 жалпы білім беретін мектебінің 1 «Ә» сыныбында «Қош бол, сүйікті әліппем!» атты әліппемен қоштасу мерекелік іс-шарасы өтті. Бұл күні оқушылар әріптермен алғаш танысқан қымбат әліппесіне алғыс айтып, ән салып, тақпақтар оқыды. Шара балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, есте қаларлық жылы көңіл күй сыйлады. Сынып жетекшісі: Қ.Ж. Иманбекова