Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
қаңтар
2026

БРАКЕРАЖ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

БРАКЕРАЖ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

Оқушылардың денсаулығын қорғау және сапалы, қауіпсіз тамақтануды қамтамасыз ету мақсатында мектебімізде бракераж комиссиясының жоспарлы жұмысы тұрақты түрде жүргізілуде. Комиссия мүшелері әр айдың басында асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайын, тағам өнімдерінің сапасын, дайын тағамдардың сақталу мерзімі мен талаптарға сәйкестігін мұқият тексереді.

Тексеру барысында асхана қызметкерлерінің жеке гигиенасы, тағам дайындау технологиясының сақталуы, ас мәзірінің бекітілген талаптарға сай болуы назарға алынады. Анықталған ескертулер бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, бақылау жұмыстары үздіксіз жалғасады.

Мектеп әкімшілігі оқушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын басты назарда ұстай отырып, асхана жұмысының сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді.