04
маусым
2026
ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
ҚР Мемлекеттік рәміздер күні
№93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер еліміздің Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы мен маңызы туралы мәлімет алып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін ұғынды.
Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, ел бірлігі мен ұлттық мақтанышымыздың нышаны. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған бұл шара оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
Рәміздерім – мақтанышым, Тәуелсіздігім – тірегім!