Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
КЕЗДЕСУ
02
ақпан
2026
КЕЗДЕСУ
2026 жылдың 2 ақпан күні Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтің Алматы қаласы жас сайлаушылар клубтарының мүшелерімен тағылымды кездесуі өтті. Кездесу барысында елдегі сайлау жүйесінің маңызы, жастардың азаматтық белсенділігі, құқықтық сауаттылықты арттыру және саналы таңдау жасау мәселелері кеңінен қозғалды. Сондай-ақ, Нұрлан Мәжитұлы жас буынды қоғам өміріне белсенді араласуға, өз пікірін ашық білдіруге
СЫНЫП САҒАТЫ
02
ақпан
2026
СЫНЫП САҒАТЫ
2026 жылдың 2 ақпан күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 5 «Ә» сыныбында «Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады?» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушыларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болудың маңызы түсіндірілді. Қауіпсіз бас тарту жолдары, «жоқ» деп нақты айту, жеке ақпаратты бермеу және күмәнді жағдайларда үлкендерден көмек сұрау туралы айтылды. Талқылау барысында өмірлік мысалдар келтіріліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.
СЫНЫП САҒАТЫ
02
ақпан
2026
СЫНЫП САҒАТЫ
2026 жылдың 2 ақпан күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 6 «А» сыныбында «Көмек» бағдарламасы бағытында сынып сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау тәртібі, қауіпсіздік шаралары, эвакуация ережелері түсіндіріліп, жағдаяттық тапсырмалар арқылы білімдері бекітілді. Сынып жетекшісі: А.С. Елубай
СЫНЫП САҒАТЫ
02
ақпан
2026
СЫНЫП САҒАТЫ
2026 жылдың 2 ақпан күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 6 «Ә» сыныбында жалпы құқықтық білім беру бағытында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге үйрету, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдары, мектептегі тәртіп ережелері туралы түсіндіріліп, түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындалды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын еркін жеткізді,
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
02
ақпан
2026
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
2026 жылдың 28 қаңтар күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес №93 жалпы білім беретін мектебінің 3 «Ә» сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты – ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру және ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету. Кездесу барысында оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі, сыныптағы психологиялық ахуал, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дамыту жолдары талқыланды.
СЫНЫП САҒАТЫ
02
ақпан
2026
СЫНЫП САҒАТЫ
2026 жылдың 2 ақпан күні №93 жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сыныбында «Бейтаныс адамның шақыруынан қалай сенімді және қауіпсіз бас тартуға болады?» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатында оқушыларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болудың маңызы түсіндірілді. Қауіпсіз бас тарту жолдары, «жоқ» деп нақты айту, жеке ақпаратты бермеу және күмәнді жағдайларда үлкендерден көмек сұрау туралы айтылды. Талқылау барысында өмірлік мысалдар келтіріліп, оқушылар өз ойларымен бөлісті.