Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
02
ақпан
2026

КЕЗДЕСУ

КЕЗДЕСУ
2026 жылдың 2 ақпан күні Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Мәжитұлы Әбдіровтің Алматы қаласы жас сайлаушылар клубтарының мүшелерімен тағылымды кездесуі өтті.
Кездесу барысында елдегі сайлау жүйесінің маңызы, жастардың азаматтық белсенділігі, құқықтық сауаттылықты арттыру және саналы таңдау жасау мәселелері кеңінен қозғалды. Сондай-ақ, Нұрлан Мәжитұлы жас буынды қоғам өміріне белсенді араласуға, өз пікірін ашық білдіруге және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Аталған шараға Алматы қаласы жас сайлаушылар клубының мүшесі, №93 жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Болатова Малика қатысып, өзекті тақырыптар бойынша пайдалы ақпарат алып, мазмұнды ой түйді.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, ел дамуына бейжай қарамайтын, белсенді азамат болып өсуіне үлкен серпін береді. 
Жетекшісі: А.С. Елубай