Жас мамандар арасында өткен “Үздік оқырман” байқауы сәтті өтті! Қатысқан әр ұстазға алғыс айтамыз. Білімге деген құштарлық — ең үлкен күш. Жас мамандардың шабытқа толы оқуы, білімге деген сүйіспеншілігі “Үздік оқырман” байқауында айқын көрінді. Әрқайсысы — мақтауға лайық!
2025 жылдың желтоқсан айында №93 жалпы білім беретін мектебінде Алматы қаласы Төтенше Жағдайлар Департаменті қызметкерлері мектеп пен мектептің эвакуациялау жоспарымен танысты.
2025 жылдың 9 желтоқсан күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 9-11 сынып оқушыларына Бостандық ауданы әкімдігі тарапынан «Салық дегеніміз не?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қатысқан оқушы саны: 60
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, 2025 жылы 22 тамыздағы №3-05-4/5704-4-хат тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылдың 9 желтоқсан күні 1-11 сыныптар арасында 3 минуттық дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығу өткізілді. Сынып жетекшісі: М.Т. Тоқташбай
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, 2025 жылы 22 тамыздағы №3-05-4/5704-4-хат тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылдың 9 желтоқсан күні 1-11 сыныптар арасында 3 минуттық дене шынықтыруға арналған қысқа жаттығу өткізілді. Сынып жетекшісі: А.Х. Сыдыкова
Тәуелсіздік күніне орай 8-сынып оқушылары “Азат елдің айбыны” атты флешмоб ұйымдастырып, өздерінің жігерін, бірлігін және Отанға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Жас ұрпақ – жарқын болашақ! Сынып жетекшілері: Ж.А. Ильяс, А.С. Абсемет