КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА
№93 жалпы білім беретін мектебінде мектеп мұғалімдерімен алдағы референдумға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – референдумның маңызын кеңінен түсіндіру, заңнамалық негіздері мен өткізілу тәртібі туралы ақпарат беру. Кездесу барысында референдум ұғымы, оның қоғам өміріндегі рөлі, дауыс беру тәртібі мен азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты айтылды. Мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.