Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ
10
наурыз
2026
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ
Азаматтық қорғаныс күніне орай КММ №93 жалпы білім беретін мектебінде «Қоршаған орта мен адам қауіпсіздігі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы маңызды мәліметтер берілді. Сондай-ақ табиғи және техногендік қауіп-қатерлер кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Мақсаты – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
09
наурыз
2026
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
№93 жалпы білім беретін мектебінде Бостандық ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Кенжебек Серікболсын Талғатұлының қатысуымен «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыптарында құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ буллинг пен кибербуллингтің зияны туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық сақтау және
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
06
наурыз
2026
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мектебімізде «Арулар – асыл жандар» атты мерекелік кеш өтті. Кеш барысында нәзік жандыларға арналған әсем әндер шырқалып, жүрекжарды тілектер айтылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – аналарымызға, ұстаздарымызға және қыз-келіншектерге құрмет көрсетіп, олардың қоғамдағы ерекше орнын дәріптеу. Мерекелік кеш көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды. Назарларыңызға мерекелік кештен естелік суреттерді
1 наурыз – Алғыс айту күні
27
ақпан
2026
1 наурыз – Алғыс айту күні
1 наурыз – жүректерге жылулық сыйлайтын ерекше мереке – Алғыс айту күні. Бұл күн – еліміздегі барлық этнос өкілдерінің бір-біріне және кең пейілді Қазақ халқына ризашылығын білдіретін тағылымды күн. Осы мерекеге орай мектебіміздің өзге ұлт өкілдері Қазақ халқына шынайы алғыстарын білдіреді. Қиын кезеңдерде тағдыр тәлкегімен келген түрлі халықтарды құшағына сыйдырған қазақ елінің дархандығы мен мейірімділігі – ұлттар арасындағы татулық пен бірліктің жарқын үлгісі. Бір шаңырақ астында бейбіт өмір
«МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАПТАРЫМНЫҢ БЕТТЕРІ»
26
ақпан
2026
«МЕНІҢ СҮЙІКТІ КІТАПТАРЫМНЫҢ БЕТТЕРІ»
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығының ұйымдастыруымен «Сүйікті кітаптарымның беттерінде» челленджіне №93 жалпы білім беретін мектебінің 4 «А» сынып оқушысы Турехан Адина өз үлесін қосуда. Жас оқырман сүйікті кітабы арқылы кітап оқудың маңыздылығын насихаттап, қатарластарына үлгі болуда. Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың қайнар көзі. Жетекшісі: А.К. Донгабакова @almatydaryny  #сүйіктікітабыңныңбеттері #книга_мой_лучший_друг
ОБЪЕКТІЛІК СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
25
ақпан
2026
ОБЪЕКТІЛІК СЕЙСМОЖАТТЫҒУ
Жоспарға сәйкес мектебімізде объектілік сейсможаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты – білім алушылар мен қызметкерлердің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау, қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. Жаттығу барысында эвакуациялау жұмыстары ұйымдастырылып, барлық қатысушылар қауіпсіз аймаққа уақытылы шығарылды. Сонымен қатар, алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңінде оқушылар шартты түрде аяқ жарақатын таңу және зардап шегушіге көмек көрсету тәсілдерін көрсетті.