АУДАНДЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ
№93 жалпы білім беретін мектебінде тоғызқұмалақтан «Ұлттық мектеп лигасы» жарысының аудандық кезеңі өтті. Жарыстың мақсаты – оқушылар арасында ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақты насихаттау, зияткерлік ойлау қабілетін дамыту, логикалық есептеу дағдыларын жетілдіру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сайысқа аудан мектептерінің оқушылары қатысып, өзара тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар шапшаңдық, тапқырлық және стратегиялық ойлау қабілеттерін танытып, жоғары деңгейдегі