Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
07
қараша
2024
КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ
Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Ағымдағы жылдың 7 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінде 10,11-сыныптарға “Нархоз” университетінің оқытушысы мен студенттері кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында оқушылар сауалнама толтырып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ
06
қараша
2024
ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ
“Шабыт” жобасы аясында 5-сыныптар арасында Мектеп театры ұйымдастырылып, театрландырылған қойылым өткізілді. Шара мақсаты: білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарды дәріптеу. Жетекшілер: Елубай А.С., Қасен Е.Ж.
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
06
қараша
2024
ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
2024 жылдың 6 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінде Полиция бөлімі қызметкерлерінің тарапынан 11-сынып арасында құқықтық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Шара барысына қатысқандар: Алматы қаласы ПД Бостандық ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция майоры Сериков Е. М.
ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
05
қараша
2024
ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2024 жылдың 5 қараша күні №93 жалпы білім беретін мектебінде «Procter and Gamble of Kazakhstan Distribution» ЖШС қыздарға арналған білім беру бағдарламасын өткізді.
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
05
қараша
2024
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Ташкент қаласында өткен «ART SILK WAY» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨП ЖАНРЛЫ ӨНЕР БАЙҚАУЫНДА “ЗАМАНАУИ БИЛЕР” номинациясы бойынша ГРАН-ПРИ иеленген №93 жалпы білім беретін мектебінің 4”А” сынып оқушысы Мұхтар Кәусар марапатталды.
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
05
қараша
2024
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай Алматы қаласы бойынша аудан аралық мектептер арасындағы әскери қолданбалы сайыс жауынгерлік парақ І орын алғаны үшін Бостандық ауданы, №93 жалпы білім беретін мектебінің 11”А” сынып оқушысы Туленбай Аружан марапатталды.  Жетекшісі: Кенебаев К.Д.