Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
18
наурыз
2025
18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
Наурызнама аясында атап өтілетін Ұлттық киім күні – қазақтың дәстүрлі мәдениетін насихаттайтын ерекше мерекелердің бірі. Бұл күні адамдар ұлттық киім киіп, қазақ халқының сәндік өнері мен қолөнерін дәріптейді. Жауапты: 9 “Ә” сынып
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
17
наурыз
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
“Алматы дарыны” дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен аудандық орта білім беру ұйымдарының 2-7 сынып оқушылары арасында “Зерде” республикалық зерттеу жобалары конкурсында ІІ орын алғаны үшін “№93 жалпы білім беретін мектептің” 3 “А” сынып оқушысы Турехан Адина марапатталады.  Жетекшісі: А.К. Донгабакова
“БІРЛІК БОЛМАЙ - ТІРЛІК БОЛМАС”
17
наурыз
2025
“БІРЛІК БОЛМАЙ - ТІРЛІК БОЛМАС”
№93 жалпы білім беретін мектебінде 9-10 сынып оқушылар арасында “Бірлік болмай - тірлік болмас” спорттық флешмобы өтті. Өткізген: А. Жарқынқызы
16-НАУРЫЗ - ШАҢЫРАҚ КҮНІ
16
наурыз
2025
16-НАУРЫЗ - ШАҢЫРАҚ КҮНІ
“Наурызнама” – бұл Наурыз мейрамына арналған дәстүрлі мерекелік шаралар кешені. Қазақстанда Наурыз мейрамы 10 күнге созылатын ерекше мазмұнмен тойланады, әр күнінің өз атауы мен мағынасы бар. “Шаңырақ күні” – осы мерекелік күндердің бірі. Ол отбасылық құндылықтарды, үлкендерді құрметтеуді, ата-бабалардан қалған дәстүрлерді дәріптеуге арналған. Бұл күні адамдар ата-аналарына, үлкендерге сәлем беріп, олардан бата алады, отбасымен бірге дастархан басында жиналады. Сонымен қатар, түрлі ұлттық
15 НАУРЫЗ - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
15
наурыз
2025
15 НАУРЫЗ - ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
Наурызнама – түркі халықтарында көктемгі жаңару мен Наурыз мейрамына байланысты өткізілетін іс-шаралар жиынтығы. Оның ішінде қайырымдылық күні ерекше мәнге ие. Қайырымдылық күні – Наурыз мейрамының негізгі идеяларының бірі болып табылады. Бұл күні адамдар мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырады.
Амал мерекесі – Көрісу күні құтты болсын!️
14
наурыз
2025
Амал мерекесі – Көрісу күні құтты болсын!️
Амал мерекесі – жаңарудың, бауырмалдықтың, татулықтың символы. Бұл күні адамдар бір-бірімен көрісіп, үлкендерге сәлем беріп, амандық-саулық тілейді. Қыс бойы көріспеген жандар құшақтасып, ренжіскендер татуласып, ізгі ниетпен жаңа жылға қадам басады. Бұл мереке – халқымыздың бірлігін, сыйластығын арттыратын ерекше күн.Баршаңызға амандық, молшылық, ырыс-береке тілейміз! Амал мерекесі құтты болсын! Жауаптылар: 5 “А” және 5 “Ә” сыныптары