Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ПИОНЕРБОЛ САЙЫСЫ
21
ақпан
2025
ПИОНЕРБОЛ САЙЫСЫ
2025 жылдың 21 ақпан күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №93 жалпы білім беретін мектебінде 5-сыныптар арасында пионербол жарысы өткізілді.  Пионербол жарысының негізгі мақсаты – қатысушылардың дене шынықтыру деңгейін арттыру, ұжымдық ойын дағдыларын дамыту және спортқа деген қызығушылықты ояту. Бұл ойын командалық рухты қалыптастырып, шапшаңдық, үйлесімділік және реакция жылдамдығын жақсартуға көмектеседі. Ұйымдастырған: Ғ. Мэлсұлы
1-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКА пәні бойынша «KEMEL» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді.
19
ақпан
2025
1-6 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКА пәні бойынша «KEMEL»
“Алматы дарыны” дарынды балаларды, талантты жастарды анықтау, кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қолдау орталығы 2024-2025 оқу жылының жоспарына сәйкес 1-6 сынып оқушыларына арналған математика пәні бойынша олимпиада 19 ақпан күні өткізілді.
СПОРТТЫҚ ЖАРЫС
19
ақпан
2025
СПОРТТЫҚ ЖАРЫС
2025 жылдың ақпан айында №93 жалпы білім беретін мектебінде 9-сыныптар арасында Баскетбол жарысы өтті. Ұйымдастырған: Е.М.Каскарауов
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ ЖОБАСЫ
18
ақпан
2025
БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫ ЖОБАСЫ
№93 жалпы білім беретін мектебінде “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Кітаптар айналымы” акциясы ұйымдастырылды.  “Кітаптар айналымы” акциясының негізгі мақсаты – оқырмандар арасында кітап алмасу мәдениетін қалыптастыру, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және білім мен идеялардың таралуына ықпал ету.