Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ ОЙЫН КҮНІ
20
наурыз
2025
20 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ ОЙЫН КҮНІ
Наурызнама – Наурыз мерекесіне байланысты өткізілетін дәстүрлі шаралардың бірі. Бұл күні қазақтың ұлттық ойындары кеңінен ойнатылады.  Бұл күні халық жиналып, сайыстар өткізіп, ұлттық мұраларымызды дәріптейді. Сонымен қатар, жаяу жарыс, қол күрес, алтыбақан тебу сияқты ойындар да ұйымдастырылады.
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
19
наурыз
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
2025 жылдың 19 наурыз күні өткен Бостандық ауданы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау мақсатында өткізілген “Қыз - ұлт айнасы” қыз сыны байқауында үздік нәтиже көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕ иегері атанып, қалалық кезеңге жолдама алған Ауенова Дарина Султановна марапатталды. Жетекшісі: А.С. Елубай Оқушымызды жеңісімен құттықтаймыз!
19 НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ КҮНІ
19
наурыз
2025
19 НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ КҮНІ
Наурызнама – бұл көктемгі жаңару мен табиғаттың оянуын тойлайтын мейрам. Наурыз – түркі халықтарының Жаңа жылы, күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді (әдетте 21-22 наурыз). Бұл мереке жаңа бастамалардың, молшылықтың, татулықтың және табиғатпен үйлесімділіктің символы болып саналады. Наурызда адамдар үйлерін тазартып, мерекелік дастарқан жайып, ұлттық ойындар ойнап, салт-дәстүрлерді орындайды. Сондай-ақ, үлкендерге құрмет көрсетіліп, жастар ізгі тілек білдіреді. Бұл күннің маңызы – өткен
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
18
наурыз
2025
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ
“Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен өткен жалпы білім беретін мектептерге арналған “Ақбота” зияткерлік олимпиадасының жүлдегерлері 4 “А” сынып оқушылары марапатталды. Сынып жетекшісі: А.Ч. Кожалимова
18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
18
наурыз
2025
18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
Наурызнама аясында атап өтілетін Ұлттық киім күні – қазақтың дәстүрлі мәдениетін насихаттайтын ерекше мерекелердің бірі. Бұл күні адамдар ұлттық киім киіп, қазақ халқының сәндік өнері мен қолөнерін дәріптейді. Жауапты: 9 “А” сынып