07
сәуір
2026
КЕЗДЕСУ
КЕЗДЕСУ
“Ертегі оқыған елдің ертеңі жарық” тақырыбында 4 «Ә» сынып оқушылары үшін жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Заря Жұмановамен танымдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу Крылов атындағы балалар кітапханасы қабырғасында өтті.
Іс-шара барысында оқушылар ертегінің бала тәрбиесіндегі маңызы туралы тың мағлұмат алып, жазушымен еркін сұхбат құрды. Заря Жұманова балаларға өз шығармашылығы жайлы айтып, кітап оқудың пайдасы мен қиялдың адам өміріндегі рөлі туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, оқушылар сүйікті ертегілерімен бөлісіп, белсенділік танытты.
Кездесу өте қызықты әрі мазмұнды өтіп, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырды. Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың рухани дамуына үлкен ықпал ететіні сөзсіз.
Сынып жетекшісі: А.М. Қожахмет