Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
маусым
2022

🌱"Балауса" жазғы лагерінің ашылуы ұйымдастырылды

Жазғы демалыс балалардың денсаулығын нығайтып, білімін толықтырып, жаңа оқу жылын күш-жігермен, ынтамен бастауға ықпал етеді. Бұл ретте жайдары жаздың қуанышы балалар лагерінен бастау алатыны сөзсіз. Сондықтан балалар лагері болашақ ұрпақтың жан-жақты қалыптасу талаптарына сай болуы керек.

Жазғы демалыс кезінде балалардың уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында мектебімізде «Балауса» жазғы лагері жұмысын бастады.

Лагерьде демалушы балалардың ақыл-ой, сана-сезімін жетілдіру бойынша түрлі әдеби-сазды кештер, мәдени іс-шаралар, танымдық ойындар, байқаулар мен сайыстар өткізіледі. Бұдан бөлек, балалардың бойын сергіту үшін таза ауада арнайы серуендер ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, балалардың келгендегі және кеткендегі салмағы мен бойын өлшеу, денсаулығын қадағалап отыру, сырқаттанған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету үшін арнайы мамандар бақылауында болады. Баланың жеке басының гигенасын, тазалығын қадағалау тәрбиешілерге жүктеледі.