Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
мамыр
2021

🏫ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

🇰🇿🏫ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020-2021 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 22 мамырда №93 жалпы білім беретін мектепте онлайн форматта 1-11 сыныптарды қамтыған жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысы өтті.

Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысының мақсаты – ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету, соңғы қоңырау және мемлекеттік емтихандардың өтілу барысымен таныстыру және т.б.

Жиналыс барысында әр сыныптың оқу үлгерімі мен білім сапасы, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығы туралы мәселелер қаралды.