Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
мамыр
2022

🔔СЫҢҒЫРЛА, СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ!

💬Құрметті ұстаздар!
Қадірлі ата-аналар мен қымбатты түлектер!
Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
 
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған балалар бүгін таудай болып үлкен өмірге қадам басып отыр. 

Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына енетін көңілді әрі қуанышты оқиға. 

Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады. 

Барша жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Баршаңыз ұлттық бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға тілектеспіз!

Ал, мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушылары жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл-күймен жаңа оқу жылына оралады деп сенеміз!