Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
желтоқсан
2019

"ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ" атты мерекелік концерт.

"ӨМІРГЕ ҚҰШТАРЛЫҚ" атты мерекелік концерт.
Қазіргі қоғамда адамдардың бір-біріне деген жүрек жылуы - өлшеусіз құнды дүние. Әсіресе, балалар үшін бұл аса қажет. Бүкіләлемдік балаларды қорғау күніне байланысты қараша айының 20-жұлдызында №93 жалпы білім беретін мектепте мән-маңызы ерекше іс-шара өтті. Іс-шараның қонақтары - қаламыздағы МАБ колледжінің студенттері. Колледж балалары өз өнерлерімен көрермен көзайымына айналды. Балаларды ұйымдастырып, бастап келген колледж директоры Н.Викторовна: "Біз балалардың өмірде мақсатына жетуі үшін барымызды салып, үлгі болғымыз келеді" - деп өзінің ыстық ықыласы мен жүрекжарды лебізін жеткізді. Айта кету керек, МАБ колледжінің білімгерлері халықаралық конкурстардың да жеңімпазы. Іс-шарада балалар ана мен бала махаббатына қатысты сахналық қойылым қойып, ән шырқады. Бұл мектеп оқушылары тарапынан үлкен қошеметке ие болды. Іс-шара соңында сөз алған мектебіміздің директоры Р.Т.Тұрмахан колледж басшылығы мен балаларға алғыс айтып, олардың алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан "Нұр Отан" партиясы Бостандық аудандық филиалы өкілдеріне де алғыс білдірді. Концерт соңында мектеп директоры колледж балаларына арнайы сыйлықтар табыс етті. Мектептің мерекелік дастарханынан дәм татқан балалар өз ризашылықтарын жеткізді. Қорыта айтқанда, бұл концерт оқушыларға өмірге деген құштарлықтың не екенін, жан жылуының адам өміріндегі маңызы қандай екенін ұғындырған тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.