Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сәуір
2021

ЖАС МАМАННЫҢ ЖАСАМПАЗ ЖЕТІСТІКТЕРІ: 2 МИЛЛИОН ҚАРАЛЫМ, 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚЫРМАН


[media=][media=]]👨‍🎓ЖАС МАМАННЫҢ ЖАСАМПАЗ ЖЕТІСТІКТЕРІ:
2 МИЛЛИОН ҚАРАЛЫМ, 50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚЫРМАН

ХХІ ғасыр – ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани қалыптасуына әсерін тигізеді әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі заман мұғалімі жаңа технологияны меңгеріп, қолданыста кең пайдалана білуі керек. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-жақты, білікті тұлғасымен дараланып, қадірленуі тиіс. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі мұғалімге жүктелген міндет жеңіл емес. Білім беру, оқыту мен тәрбиелеу – үздіксіз процесс. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат – жан-жақты білімді, шығармашылыққа бейім, өзіндік ой-талғамы бар, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі ғана емес, тарихи-танымдық, педагогика-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі.

Бүгінгі жаңа дәуір мектебіне білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтере алатын, жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа инновациялық технологияларын күнделікті жұмысында қолдана білетін ізденімпаз ұстаздар қажет. Сондай ізденімпаз жас мамандарымыздың бірі, педагог-новатор, №93 мектептің математика пәнінің мұғалімі – Қуанышбай Мұхаммедзаңғар Маратұлы.

Қуанышбай Мұхаммедзаңғар Маратұлы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. Еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орнының механика-математика факультетін «математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазіргі таңда мектебімізде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. 

Жас маманның кәсіби құзыреттілігі рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрін меңгерген, өзін әрдайым кәсіби тұрғыдан жетілдіріп отыратын шығармашыл тұлға болуында. Сонда ғана ол баланың табиғатындағы туа біткен қасиеттерді айқындай алады. Өйткені әр баланың бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашу – педагогтың еншісіндегі іс. Егер педагог шығармашыл болса, ол тәрбиелеген бала да шығармашылық әрекеттерге бет бұрады. Біздің мақтанышымыз Мұхаммедзаңғар Маратұлын да шығармашыл, жаңашыл жас маман деуге толық негіз бар. Ақпараттық дәуірдің мол мүмкіндіктерін сабақтарында шеберлікпен пайдаланып жүрген жас ұстаз Youtube арнасы арқылы мектеп оқушыларына ғана емес, еліміздің барлық оқушыларына математика пәні бойынша онлайн сабақтар әзірлеп, ел алғысына бөленіп отыр.  

Жас ұстаз еліміздегі карантин шектеулері басталмастан бұрын өз Youtube каналын ашып, оқушыларға математика пәні бойынша онлайн сабақтар дайындай бастады. 1 жылдың ішінде «ЗАҢҒАР АҒАЙ» YOUTUBE АРНАСЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ САНЫ 50 МЫҢҒА, АЛ, АРНАДАҒЫ ҚАРАЛЫМ САНЫ 2 МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚТАДЫ! Бүгінде бұл арна республика ұстаздары мен оқушыларының математика пәні бойынша білімі мен білігін тереңдетіп, дамытатын арнасына айналды.

Жас маман Мұхаммедзаңғар Маратұлы – өз ісінің шебері, мектебіміздің мақтанышы! Балалардың жас ұстазға деген сүйіспеншілігі мен құрметі ерекше! Себебі ол мамандығына қажетті қабілеттер мен педагогикалық әлеуетін үздіксіз шыңдап, әрқашан білім саласының білікті маманы болуға ұмтылады.