Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
мамыр
2023

«ДОСТЫҚ МӘҢГІ ЖАСАСЫН!» тақырыбындағы МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА

2023 жылдың 22 мамыр күні мектебімізде Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан арнайы келген қонақтардың келу құрметіне арналған «Достық мәңгі жасасын!» тақырыбында мерекелік бағдарлама өтті. 

Арнайы ат басын бұрған қонақтарымыз — Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің оқушылары, жас спортшылар, футболдан қорытынды кезеңде Қарағанды облысының командасын 5:0 есебімен ұтып, республикалық турнир жеңімпазы атанған чемпиондар. 

Қонақтардың келу құрметіне орай мектебіміздің талантты оқушылары мерекелік бағдарлама дайындап, өз өнерлерін көрсетті. Қадірменді қонақтарымыз үшін арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Бағдарлама соңында жетекші ұстаздар Жарылқасын Жунисов, Ерлан Құрманов мектеп әкімшілігі мен ұжымына алғыс айтып, ыстық ықыласқа толы ризашылығын білдірді.