Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
мамыр
2023

«ОТАНЫМ — БАҚЫТ МЕКЕНІМ» тақырыбындағы МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА

2023 жылдың 5 мамыр күні Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіске 78 жыл толуына байланысты мектебімізде «Отаным — бақыт мекенім» тақырыбында мерекелік бағдарлама өтті. 

Мақсаты — оқушыларды Отанын сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін үлгі тұту, елін қорғай білуге тәрбиелеу.

Мерекелік бағдарламаға құрметті қонақ ретінде: 
1. Қазақстан Республикасы Әуе күштері ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, генерал-майор Малей Виталий Иосифович; 
2. «Чернобыль» ассоциациясының құрметті президенті, капитан Раздыков Болат Кисаевич; 
3. Ауған соғысының ардагері Байылғожа Дүйсенбаев шақырылды. 

Мерекелік бағдарламада оқушыларымыз өз өнерін көрсетіп, патриоттық тақырыпта ән шырқап, би биледі. Мектебіміздің ержүрек жігіттері мен батыл қыздары дзюдо және автомат шашып-жинау бойынша мастер-класс көрсетті. 

Бағдарлама соңында іс-шараның құрметті қонақтары мен мектебіміздің ер-азаматтарына мерекелік дастархан жайылып, арнайы сыйлықтар табыс етілді.