Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
желтоқсан
2021

⚜️ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Тәуелсіздік — тәу етер жалғыз кие» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік бағдарламаның мақсаты — жас буынды егемендік жылдарындағы жетістіктерімізбен таныстырып, олардың бойындағы патриоттық құндылықтарды дамыту.

Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көзайымына айналды. Тәуелсіздік тақырыбындағы әндер мен күйлер орындалып, өлең-жырлар оқылды. Іс-шара соңында мерекелік бағдарлама ұйымдастырушылары мен оқушылар мектеп әкімшілігі тарапынан арнайы марапаттарға ие болды.