Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
наурыз
2023

«ӘЙЕЛ-АНА — ТІРШІЛІКТІҢ ТІРЕГІ» атты МЕРЕКЕЛІК БАҒДАРЛАМА

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде «Әйел-Ана — тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт өтті.

Мейірімділік пен сұлулықтың салтанат құрған күні аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Мерекелік кеште өнер көрсеткен дарынды шәкірттеріміз ұстаздарды үлкен қуанышқа бөлеп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.

Мерекелік концертте мектептің қоғамдық жұмысына атсалысып, белсенділігімен, адал еңбегімен көзге түскен қыз-келіншектер аудан әкімінің және білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.