Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
мамыр
2023

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРМЕН ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ

2023 жылдың 22 мамыр күні мектебімізде Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан арнайы келген қонақтардың келу құрметіне арналған «Достық мәңгі жасасын!» тақырыбындағы мерекелік бағдарлама аясында футболдан жолдастық кездесу өтті. 

Қызылорда облысы, Қазалы ауданының «Сұңқар» құрама командасы — Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейінің оқушылары, жас спортшылар, футболдан қорытынды кезеңде Қарағанды облысының командасын 5:0 есебімен ұтып, республикалық турнир жеңімпазы атанған чемпиондар. 

Жолдастық кездесуде қонақтарымыз да, мектебіміздің оқушыларынан құралған команда да үздік ойын үлгісін көрсетіп, алғыс пен құрметке бөленді.