Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
желтоқсан
2022

«ТӘУЕЛСІЗДІК — ЕЛІМНІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ» тақырыбындағы МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ

16 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ мерекесіне орай мектебімізде 2022 жылдың 13 желтоқсан күні «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты мерекелік концерт өтті. 

Мерекелік концертте өнер көрсеткен дарынды шәкірттеріміз ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ән мен күйден шашу шашты. «Қазақ хандығы» фильмінен үзінді қойып, Алаш қайраткерлерінің рөлін сомдады. 

Өнерлі жастар заманауи би элементтерін этно стильмен үйлестіріп, көрермен көзайымына айналды. Талантты шәкірттеріміз жалынды жыр жолдарын оқып, ұлттық рухымызды танытты. Ал, жас бүлдіршіндеріміз тәуелсіздік тақырыбына арналған әндері мен толғауларын орындады. 

Жоғары деңгейде өткізілген салтанатты іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары «Атамекен» әнін бірге орындады.