Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕБІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША МЕРЕКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ
22
желтоқсан
2022

МЕКТЕБІМІЗДІҢ ОҚУШЫЛАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША МЕРЕКЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

Жаңа жыл – балалар үшін әлемдегі қуанышқа толы, ең ғажайып мерекелердің бірі. Олар Жаңа жылдан жақсылық күтеді. Жаңа жылдық шырша — Жаңа жыл мейрамының негізгі нышаны. 

Осыған орай, 2022 жылдың 22 желтоқсан күні мектебіміздің оқушылары Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысып, арнайы сыйлықтарға ие болды. 

Барлық балаларға аудан әкімдігі атынан жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер табыс етілді. Аудан әкімдігі және Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы А.Ж.Қасымбек барша бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, зор денсаулық, оқуда озат, жаңа жылда жаңа табыс тіледі. Жүздері қуанышқа, шаттыққа толған бүлдіршіндер жаңа жыл кешінің басты кейіпкерлері Аяз Ата мен Ақшақардың келуін асыға күтті.

Қазақ мемлекеттік циркінің ғимаратында өткен шырша мерекесі балалар үшін естен кетпес әсер қалдырып, көңілдеріне қуаныш сыйлады. Бағдарлама барысында балаларға мультфильмдер мен ертегі кейіпкерлері тұтасқан көріністер ұйымдастырылды. Сондай-ақ, талантты өнерпаздар оқушыларға деген мерекелік құттықтауларын өз өнерлерімен жеткізді. Ары қарай мерекелік бағдарлама жасыл шырша жанында дәстүрлі хормен жүрумен жалғасты.

Жаңа жыл қарсаңында балаларға керемет көңіл күй сыйлап, жыл сайынғы игілікті іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне ықпал еткен Бостандық ауданы әкімдігіне шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз!