Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қазан
2022

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» тақырыбында ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР КОНКУРСЫ ӨТТІ

Республика күні — елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы. Бұл мереке — ұлттық рухымызды ұлықтайтын ұлы күн.

25 қазан — Республика күні қарсаңында оқушылардың туған еліне деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Тәуелсіз елдің ұрпақтары» тақырыбында патриоттық әндер конкурсы өтті. 

Патриоттық әндер конкурсына 8 «А», 8 «Ә», 9 «А», 9 «Ә», 10 «А», 10 «Ә» сынып оқушылары белсене атсалысып, өз өнерлерін көрсетті. Көрермен көзайымына айналып, өзіндік шығармашылық қарым-қабілетімен ерекшеленген үздік өнерпаздар мектеп әкімшілігінің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды.