Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
мамыр
2021

«ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР» АТТЫ ОНЛАЙН СҰХБАТ

🎥«ҰРАНДЫ ЕЛДІҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙСАР» 
АТТЫ ОНЛАЙН СҰХБАТ ӨТТІ

7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне байланысты мектебімізде «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты патриоттық мазмұндағы онлайн сұхбат өтті. 

Онлайн сұхбаттың қонағы – Ауған соғысының ардагері, «Бітімгерлік» және «Интернационалист жауынгер» медальдарының иегері Жүсіпов Серікбай Абдраманұлы.

Онлайн сұхбат барысында ел мен жер, ұлттық және патриоттық тәрбие, ұрпақтар сабақтастығы, Отанымыздың әскери әлеуеті, жас ұрпақ пен бабалар аманаты жайлы мәселелер көтеріліп, өзара ой-пікір алмасу, сұрақ-жауап болды.

Сұхбат қонағы өзінің өмір жолы, соғыс психологиясы мен Ауған жеріндегі ерліктері туралы кеңінен баяндап, ұрпақ тәрбиесіндегі тәжірибесімен бөлісті.

Онлайн сұхбатқа қонақтар, мектеп ұстаздары мен оқушылары белсене атсалысты. Сұхбат соңында қатысушылар өздерінің ыстық ықыластары мен жылы лебіздерін білдірді.