Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
қыркүйек
2022

«СӨЗ МЕРГЕН» ТАНЫМДЫҚ-ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСЫ

22 қыркүйек — Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай оқушылардың бойында тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды ұлықтап, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында оқушылар арасында «Сөз мерген» танымдық-интеллектуалдық сайысы өтті. 

Сайысқа қатысушы оқушылар 5 кезең бойынша өз бақтарын сынады. Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшелігі болды: мақал-мәтелдердің екінші жартысын табу, көнерген сөздер мен тұрақты тіркестердің мәнін ашу, ұлттық кинофильмді табу және т.б. 

Сайыс қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен көп ұпай жинаған 9 «А» сынып оқушысы Құрбан Марат жеңімпаз атанып, арнайы сый-сыяпатқа ие болды.