Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
мамыр
2022

"АЛМАТЫ БАЛАFEST" «Open Air Спорт» (Спорт және салауатты өмір салты)

Мектебімізде салауатты өмір салтын қалыптастыру және оқушылар мен мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» тақырыбында спорттық жарыс өтті.

Спорттық жарысқа оқушылар мен мұғалімдерден құралған 3 команда қатысты. Жарыс эстафета, футбол, баскетбол, воллейбол, арқан тарту сияқты кезеңдерден тұрды. Нәтижесінде әрбір кезең бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен ойыншылар мектеп әкімшілігінің арнайы марапаттарына ие болды.

Бұл шара мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасында спортты кеңінен насихаттау, ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және ұлттық патриоттық сезімді оятуға үлкен үлес қосты.