Алматы қаласы Білім басқармасының
«№93 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 274 14 39
Есепші бөлімі:
+7(727) 274 14 39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Балауса» жазғы лагерінің ашылуы
01
маусым
2026
«Балауса» жазғы лагерінің ашылуы
2026 жылдың 1 маусым күні №93 жалпы білім беретін мектеп жанындағы «Балауса» жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті. Балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында ашылған лагерьдің алғашқы күні көтеріңкі көңіл-күйге, шаттық пен қуанышқа толы болды. Оқушылар түрлі ойындарға қатысып, достарымен қауышып, жазғы демалыстың жарқын сәттерін бірге қарсы алды. «Балауса» лагері – балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа достар тауып, қызықты демалыс өткізетін ерекше
«Балауса» жазғы лагері – қарсы алуға дайын!
01
маусым
2026
«Балауса» жазғы лагері – қарсы алуға дайын!
№93 жалпы білім беретін мектебінде «Балауса» жазғы лагерін ашуға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілді. Лагерь аумағы мерекелік безендіріліп, балаларға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырылды. Түрлі-түсті безендірулер, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын көрнекіліктер мен жарқын атмосфера бүлдіршіндерді қызықты жазғы демалысқа шақырады. Жаңа достар, шығармашылық жұмыстар, қызықты ойындар, көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсерлер алда! «Балауса» лагері өз тәрбиеленушілерін қарсы алуға толық дайын!
Назад 1 2 3 4 Вперед